Шымкентте жоғары оқу орындарының жәрмеңкесі өтті

0
49

Шымкент қаласындағы 9 жоғары оқу орны қатысты


Шымкентте жоғары оқу орындарының жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастарды қолдау және жұмыссыздықты азайту, кәсіби бағдар беру мен еңбек нарығына бейімдеу жобасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған жоғары оқу орындарының жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласындағы 9 жоғары оқу орны қатысып, түлектерге білім беру бағдарламаларын таныстырып, мамандықтар мен оқуға түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Жәрмеңкенің мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге кәсіби таңдау жасауға көмектесу және болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға бағыт-бағдар беру.
Бөлісу