Шымкентте жол жөндеген компанияларға 68 рет айыппұл салынған

0
1 008

Автокөлік жолдарының жай-күйіне 500 рет тексеріс жүргізілген.


Шымкентте жол жөндеген компанияларға 68 рет айыппұл салынған

Шымкентте жол жөндеген мердігер компанияларға 68 рет айыппұл салынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полицейлер жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені және бүлдіріп ластағаны анықталған.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың басынан автокөлік жолдарының жай-күйіне 500 рет тексеріс жүргізілген. Кешенді тексеру нәтижесімен анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге 458 ұйғарым жолданған. Ал мердігер компанияларға 70-ке тарта әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 147 мектептің алдындағы жолдарды зерделеген. Ондағы сызылған жаяу жүргіншілер жолақтарын қайта жаңартқан.

Жолдардың инфрақұрылымын дамыту және автокөліктердің кептелістерін азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелерінде үлкен жол айрығын салу жұмыстары жүргізілуде.