Шымкентте жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

0
487

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр
Шымкент қаласында жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атап айтар болсақ, Нұрсәт шағын ауданындағы Назарбеков көшесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бүгінде Бадам өзенінен өтетін көпірден бастап, Республика даңғылының қиылысына дейінгі 6,7 шақырымдық А-2 айналма жолын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жөндеу жұмыстары 20 наурызға дейін толық аяқталады.
Қазіргі таңда реконструкция жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 75 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жалпы Еңбекші ауданы бойынша ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды.
Бүгінде жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді. Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен демеуші есебінен «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды. 2023 жылы І кезеңмен ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 75 көшені жөндеу жоспарлануда. Одан бөлек, Қаратау ауданында 50 шақырымды құрайтын 74 көшеге асфальт төселеді.
Жалпы Шымкент қаласында 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 74 көше асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады. Сондай-ақ, 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.