Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мешіт имамы, мемлекеттік қызметкерлер қатысып жастарға өмірдегі қызықты сәттері мен қызметтегі іс-тәжірибесімен бөлісті.
Шымкент қаласының орталық «AQMESHIT» мешітінде «Жолың болсын, жас түлек» атты мектеп түлектерімен рухани кездесу өтті, деп хабаралайды ERNUR.KZ.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов, Мемлекет және қоғам қайраткері Ш.Мырзахметов, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Ырысбаев, мешіт ақылдастар алқасының мүшелері, қалалық білім басқармасының, БАҚ өкілдері мен жас түлектер қатысты.
Іс-шараға қатысушылар өмірдегі қызықты сәттері мен қызметтегі іс-тәжірибесімен бөлісіп, жас түлектерге алдағы тестілеуден сүрінбей өтулеріне тілек білдірді.
Сонымен қатар, әрқашан елге адал қызмет етіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жайы да айтылып өтті.
Кездесу аясында сынақ алдында тұрған түлектерге рухани қолдау көрсетіп, қиындыққа қарсы тұруға, сәтсіздіктер мен қателіктерге күйреп түспей, сабырлыққа үйрету мақсатында бірқатар кеңестер берілді.
Іс-шара соңында қасиетті рамазан айында мешіт қызметкерлерікөпбалалы, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты.