Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

0
511

Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.


Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы лауазымына Жанат Өмірсейітқызы Өтебаева тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жанат Өмірсейітқызы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылында туылған. Алматы халық шаруашылығы институтын қаржы және несие мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1991 жылы Қазақ ССР Жинақ банкi Шымкент облыстық басқармасының бухгалтерлік есеп бөлімінің инспекторы болып бастаған. 1992-2022 жылдар аралығында жеке секторда және әлеуметтік салада жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2022 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.