Шымкенттегі әдет- ғұрып және салт-дәстүр орталығына оюлы текемет салынды

0
1 330

Оюлы текеметті сырлы түрлі-түсті бояумен безендірген.


Шымкенттегі әдет- ғұрып және салт-дәстүр орталығына оюлы текемет салынды

Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы алаңына қошқар мүйізді текемет салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оюлы текеметті сырлы түрлі-түсті бояумен безендірген. Алдағы уақытта орталыққа келген қала тұрғындары мен қонақтары текеметті тамашаласа, ал балақайларға түрлі ұлттық ойындарды, яғни орталық іс-шараларын осы текемет үстіне ұйымдастырылатын болады.
Қошқар мүйіз өрнегінің мағынасы туған жер төсін толтырған отар – отар қой деген халықтың арман тілегін, молшылықты, бейбітшілікті білдіреді. Қошқар мүйіз – қошқардың мүйізі тәріздес ою.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан аумағы бойынша жалғыз орталық, яғни «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент шаһарында орналасқан. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіліп, баспа өнімдері шығарылып және де ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтарымыз кеңінен насихатталады. Сондай-ақ, Оңтүстікті мекендеген өзге ұлыс өкілдерінің де әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жүйелі түрде зерделеніп, ортақ игілікке пайдалану жағы қарастырылған.
Мұндағы негізгі ұстаным –Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясын, «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру болып табылады.