Б.Байтанаев: «Шымкенттің өз мұражайын ашуға жететін дүние қолымызда бар».
Шымкенттегі 2200 жылдық тарихы бар «Цитадель» қалашығында қарқынды жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы зерттеуші, ғалым, тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаев айтып берді.
«Цитадельді зерттеу барысында қазба жұмыстары орнынан 8 зеңбірек, жарылған оқ жарықшақтары, құмыралар, түбектер, шырағдандар және әшекейлер мен алтын мен күмістен соғылған ақшалар табылды. Шымкенттің өз мұражайын ашуға жететін дүние қолымызда бар», - дейді зерттеуші.
Сондықтан да, «Цитадель» Шымкенттің негізгі туристік орны болады деп күтілуде. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың көркіне айналады.