Шымкенттегі жол құрылыстары қатаң бақылауда болады

0
1 073

Мердігерлерге аталған жолдардағы кемшіліктер жойылмайынша, тапсырыс беруші тарапынан қабылдауға алынбайтындығы жеткізілген.


Шымкенттегі жол құрылыстары қатаң бақылауда болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы әкімі аппаратында өткен «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында жолдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасын және уақытылы жүргізілуін талқылау бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Т.Серікбаев нақты «проблемалық бағыттарға» көңіл бөлу және оларды шешу сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табыладығын жеткізіп, жолдардың сапасы «проблемалық аймақта» және үнемі халықтың назарында екендігін айтты.


Сондай-ақ, шара барысында Департамент тарапынан «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Атап айтсақ, қоғам өкілдерімен бірлесе жол сапасын тексеру бойынша бірнеше рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, Самал-3 мөлтек ауданындағы Мұғалжар және Жәнібек хан көшелерінің құрылысы сапасында бірқатар кемшіліктер анықталған және акт түзіліп, тапсырыс берушіге кемшіліктерді жою туралы ресми хат жолданған. Оған қоса, мердігерлерге аталған жолдардағы кемшіліктер жойылмайынша, тапсырыс беруші тарапынан қабылдауға алынбайтындығы жеткізілген.


Өз кезегінде, қала әкімінің орынбасары Б.Парманов жол сапасының маңыздылығына тоқтала келе, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жол сапасын қатаң бақылауға алуды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен қоғам өкілдерін жол сапасын бақылауда бірге жұмыс жасауға шақырды.

Айта кетейік, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесіне сәйкес комплаенс саясатын және парасаттылық қағидаттарын енгізуге, сондай-ақ автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.