Шымкенттегі жолайрық құрылысы қарқынды жүріп жатыр

0
2 556

Жолайрықтың құрылысын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.


Шымкенттегі жолайрық құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар нысандардың құрылыс барысын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы автомобиль жолдары және қоғамдық көлік саласын дамытуға бағытталған бірқатар нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты.

Бүгінде Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығы құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда 3,3 шақырым су, газ құбырларының орнын ауыстыру, тоннел қазу (150 м), тіреу қабырғаларын құю (130 м), бағана орнату (7 дана) және 90 дана қада құю жұмыстары орындалды.

Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысына ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін, ал Рысқұлов көшесін көліктердің қозғалысы үшін 1 қарашаға дейін ашу жоспарлануда.

Жалпы жоспарға сәйкес жолайрықтың құрылысын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау міндеті тұр.