Шымкенттік азамат полиция қызметкерлерінің жағасына жармасты

0
1 113

Бұл туралы Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков мəлімдеді. Темір тордан жазсы жеңілдетіліп, бостандыққа шыққан шымкенттік тұрғын Тараз қаласына барып, ондағы сыбайластарымен бірге бөтеннің ауласындағы БМВ автокөлігін ұрлап мініп кеткен.


Шымкенттік азамат полиция қызметкерлерінің жағасына жармасты

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте пробациялық қызметте есепте тұрған азамат қайта қылмысқа барғанымен қоймай, полицейлерге қарсылық көрсетіп жаға жыртысқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков мəлімдеді. Темір тордан жазсы жеңілдетіліп, бостандыққа шыққан шымкенттік тұрғын Тараз қаласына барып, ондағы сыбайластарымен бірге бөтеннің ауласындағы БМВ автокөлігін ұрлап мініп кеткен.

Шымкентке қарай келе жатқан жолда тəртіп сақшыларының қырағы көзіне түскен. Тоқтатпақ болған полицейлерден қу далаға қарай қаша жөнелген. Дегенмен соңдарынан қалмай жол полициясының қызметкерлері қуып жеткен. Бірақ бағынғысы келмей қарсылық танытқан күдіктілер бірден жағаға жармасып, полицейлердің киімдерін жыртқан.
"Пробация қызметінің бақылауында тұрғандар қаланың аумағынан, ал кешкі сағат 7-ден кейін үйінен шықпауға, яғни тұрғылықты жерін тастап кетпеуге міндеттелген шектеулер қойылған. Басқа облыстарға барар болса арнайы мамандарды хабардар етуге міндетті. Алайда, тəртіпке бағынбаған шымкенттік тұрғын Жамбыл облысының аумағына барып, ондағы сыбайластарымен бірге Тараз қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан ескі БМВ көлігін жымқырып, мініп кеткен. Тəртіп сақшыларына да бағынғысы келмей, қарсылық көрсетіп, күш қолданған. Құрықталған күдіктілерге ҚР ҚК нің 380 бабы, үкімет өкіліне қатысты күш қолданды деген баппен айып тағылды. Ауыр қылмыстар санатына жатады. Екі ай мерзімге күзетпен бұлтартпау шарасына санкция берілді. Қайта қылмыс жасаған күдіктілерге үйқамақ не болмаса кепіл түріндегі санкция қолданылмайды"-дейді Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.