Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты МКҚК №106 «Ердәулет» бөбекжай бақшасы 1984 жылы «Шымкентдорстрой» бөбекжай балабақшасы болып құрылған.
Шымкентке ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.Токушев келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жылдың 23 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.Токушев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар білім беру мекемелерінің жұмыс барысымен танысты.
Соның бірі, қаладағы №106 «Ердәулет» балабақшасы. Аталған балабақшадаШымкент қаласындағы мектепке дейінгі білім мекемелеріне балаларды кезекке қою және құжатты қабылдауавтоматтандырылған жүйесінің жұмысы, «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы мен М.Монтессори технологиясы таныстырылды.
«Балабақшаның алға қойған мақсат-міндеттері, өз бағдарламасы бар. Мемлекеттік бағдарламаларға қосымша заманауи талапқа сай жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануда. Соның ішінде оқу қызметінде М.Монтессори технологиясын кеңінен пайдаланудамыз. Курстан 80% педагогтар өтіп, өмір жаттығулар зонасы толығымен қамтылған. Барлық топта бұрыштар жабдықталған», - деп атап өтті ұжымы және жұмысымен таныстырған балабақша меңгерушісі Г.Карибозова.
Сондай-ақ, «Sanaly urpaq» республикалық жобасының жұмысымен таныстырған Қ.Токушев:
«Біз адамдар көп болған сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат соғұрлым тиімді болады деген қағидат бойынша жұмыс істейміз. Сіздердің, біздердің басты міндетіміз адал қызмет етіп, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Әсіресе, білім саласы қызметкерлеріне үлкен сенім жүктеліп отыр. Еліміздің болашағы болар жас ұрпақтың тәрбиесімен тікелей айналысып отырғандықтан осы бастан дұрыс тәрбие беріп, адалдыққа тәрбиелеуде Сіздердің үлестеріңіз басым», - деді өз сөзінде.
Айта кетейік, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты МКҚК №106 «Ердәулет» бөбекжайбақшасы 1984 жылы«Шымкентдорстрой» бөбекжай балабақшасы болып құрылған. Жобалық сыйымдылығы – 230 орынға арналған.