Шымкенттік полция қызметкерлері қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шымкенттік Полицейлер 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ән салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Мегаполистегі "Арбат" демалыс орнында екі полиция қызметкері 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектерге арнап жанды дауысты ән шырқады.
Талғат Жорабаевтың "Сағыныш сазы" атты әнін орындаған қос полиция қызметкері қала тұрғындарының сүйспеншілігіне бөленіп, қыз-келіншектердің көңілдерін көтерді.