Жасөспірім кешке үйінен шығып кетіп, оралмаған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкенттік ПД департаментінің қызметкерлері жоғалып кеткен жасөспірімді іздеп тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
8.08.2019 ж. Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын 15-16 жасар ұлының 7 тамыз күні кешке үйден шығып, жоғалып кеткені туралы айтып, арызданған.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жағдайға байланысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында хабар-ошарсыз жоғалған жасөспірімді тауып, туған-туыстарына аман-есен қайтарды.