Шымкенттік спортшылар стенд атудан бірінші орынды иеленді

0
322

Жарысқа еліміздің 6 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты.


Шымкенттік спортшылар стенд атудан бірінші орынды иеленді

"Shymkent Shooting Plaza" ату кешенінде стенд атудан 24-30 шілде аралығында Қазақстан Республикасының VI-жазғы спартакиадасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарысқа еліміздің 6 өңірінен - Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Қызылорда және Павлодар облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша, спортшылар 8 жаттығу бойынша бақ сынады:
4 жаттығу жеке сынақ-дөңгелек стенд, траншеялы стенд, спортинг және дубль-трап;
2 жаттығу командалық сынақ-траншеялық стенд, дөңгелек стенд;
2 аралас жаттығулар - "скит/микс", "трап/микс".
Спартакиадада спортшылар ерлер мен әйелдер санаттарында жарысты.
Барлығы 24 медаль жиынтығы ойнатылды. Шымкент қаласының спортшылары жалпы есепте 16 жүлде алып, бірінші орын иеленді.
Спортшыларымыздың жеткен жетістіктері:
Траншеялы стенд, жекелей сын: Даниил Почивалов, Виктор Хасянов
Командалық трап жаттығуы: Хасянов Виктор, Конченко Богдан, Почивалов Даниил
Трап жаттығуы, жекелей сын: Мария Дмитриенко, Наргиза Сарманова
Трап жаттығуы, командалық: Дмитриенко Мария, Прилепина Анастаси, Почивалова Карина
Трап-микст: Хасянов Виктор, Дмитриенко Мария, Конченко Богдан, Прилепина Анастасия.