Шымкенттің күретамыры: Қонаев даңғылының бір бөлігі ашылды

0
687

Түркістан көшесі мен Әйтеке би көшесі аралығы


Шымкенттің күретамыры: Қонаев даңғылының бір бөлігі ашылды

Шымкентте қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда.

Бұл мегаполистің жол инфрақұрылымын дамытуда іске асырылып жатқан ірі нысандардың бірі. Бүгінде қаланың күретамыры саналатын Қонаев даңғылының бір бөлігі - Түркістан көшесі мен Әйтеке би көшесі аралығы көлік қозғалысына ашылды.

Сонымен қатар, Қонаев даңғылы мен Тәуелсіздік көшесі қиылысындағы өткел құрылысы жүргізіліп, Тәуелсіздік көшесі арқылы қозғалысқа қолайлы жағдай жасалды.