​Шымкенттің қысында жолда қар жатпайды

0
1 104

Шымкент. Жалпы жол қызметтерінің құрамына төрт мекеме кіреді: "ЛТД-Тұрмыс", "Югдорсервис", "Бәйтерек-ЛБ" және "Нұртас сервис".


​Шымкенттің қысында жолда қар жатпайды

Бүгін ӘІО алдындағы алаңда арнайы жол техникасы тексерілді. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н. Дербісов арнайы техникалардың қысқа қаншалықты дайын екендігін тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы жол қызметтерінің құрамына төрт мекеме кіреді: "ЛТД-Тұрмыс", "Югдорсервис", "Бәйтерек-ЛБ" және "Нұртас сервис". Арнайы техниканың жалпы саны - 127 бірлік (шнекоротор, автосамосвалдар, автогрейдерлер, бульдозерлер, тиегіштер және т.б.). Бұл техниканың барлығы қаланың жолдарын тазалауға жұмыс жасайды. Ұзындығы 584,4 км құрайтын 189 көшеге қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, инертті материалдар да дайындалды: 4000 тонна тұз және 23730 текше метр құм