​«Таза Қазақстан»: Шымкентте қоғамдық орындарды ластаған тұрғындар жауапқа тартылды

0
148

Бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарда темекі тұқылдарын жерге тастаған азаматтар анықталды.


​«Таза Қазақстан»: Шымкентте қоғамдық орындарды ластаған тұрғындар жауапқа тартылды

Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тазалығын сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Полиция қызметкерлері өзге де қызметтермен бірлесіп, ортақ пайдалану орындарын ластау деректерін анықтау және олардың алдын алу бойынша күнделікті жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта бейнебақылау камераларының мүмкіндіктері де кеңінен пайдаланылуда.
Мәселен, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарда темекі тұқылдарын жерге тастаған азаматтар анықталды. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қала тазалығы әрбір тұрғынның жауапкершілігі екенін еске салып, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Бөлісу