Жаңа қаулы: Шымкентте азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты қысқарды

0
1 102

Қазіргі таңда Шымкент қаласы «қызыл» аймақта.


Жаңа қаулы: Шымкентте азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты қысқарды

иллюстрациялық фото

Шымкентте эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин талаптары күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулы бойынша:

- Әсемдік салондары және орталықтары, шаштараздар, маникюр, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсету орындары олар алдын ала жазылумен жұмыс істейді. Жұмыс уақыты таңғы тоғыздан 22:00-ге дейін шектеледі.

- «Қызыл» белдеуде тұрған Шымкентте азық-түлік дүкендерінің де жұмыс уақыты қысқарды. Азық-түлік маркеттері мен дүңгіршектері таңғы тоғыздан түнгі онға дейін ғана жұмыс істей алады. Ал сауда орталықтарына сенбі жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынды.

- Халықтың көп баратын жерлері ашық базарлар, жәрмеңкелердің жұмыстары алтыдан 18.00-ге дейін шектеледі. Жексенбі күні жұмысы тоқтатылады. Ал, жабық базарлар бұлардың жұмыстары алтыдан кешкі алтыға дейін. Олар сенбі жексенбі күндері жұмыстарын тоқтатуы тиіс.

- Қоғамдық тамақтану орындары дүйсенбіден бейсенбіге дейін, аптаның 4 күні 22-ге дейін жұмыс істейді. Ал, жұмадан жексенбі аралағында таңғы 9-дан 20:00-ге дейін. Кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Және сыйымдылығы 50 пайызға дейін толтыруымен. Бірақ 30 пайыздан асырмай рұқсат беріледі.

Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес театр, кинотеатр және концертке тоқтау жасалды. Сондай-ақ, шымкенттіктер мен қала қонақтары енді жағдай жақсарғанша зоосаябаққа да бара алмайды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы «қызыл» аймақта.