Жаңа қаулы: Шымкентте бірқатар нысандардың жұмысына уақытша шектеу қойылды

0
532

«Шымкент қаласы бойынша «Аshyq» қосымшасына тіркелген 9021 нысанның 7061-і аутсайдерлер қатарында.


Жаңа қаулы: Шымкентте бірқатар нысандардың жұмысына уақытша шектеу қойылды

Шымкент қаласында жаңа қаулы бойынша бірқатар нысандардың жұмысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Шымкент қаласы бойынша «Аshyq» қосымшасына тіркелген 9021 нысанның 7061-і аутсайдерлер қатарында. Ал, 17 нысан талаптардың орындалуы жағынан көш бастап тұр». Бұл туралы брифинг барысында Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С.Адамбекова мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, карантин режимін күшейту мақсатында Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 4 қаңтардағы қаулысына 2022 жылдың 14 қаңтарында бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Қаулыға сәйкес, жабық базарлар мен СПА-орталықтар сенбі, жексенбі күндері уақытша жұмысын тоқтатса, қоғамдық көліктерде бетперде кию мен әлеуметтік ара қашықтықты сақтау талаптары күшейтілмек. Сондай-ақ, діни нысандарда ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.
— «Аshyq» қосымшасы пандемия кезінде бизнес нысандарының жұмысын қайта жандандыруға мүмкіндік берді. Жоба бизнес нысандарға келушілер арасында коронавирустың таралуының алдын алу мен жұқтыру қауіпсіздігі сақтау мақсатында қолға алынған болатын. Алайда, қосымша қолжетімді болғанымен, талаптарды орындамай отырғандар бар. Шымкент қаласы бойынша 9021 нысанға «Аshyq» қосымшасының QR-коды берілген. Оның ішінде 17 нысан көш бастап тұрса, 7061 қатысушы аутсайдерлер қатарында. Бұл нысандардан 1 апта мерзімге «Аshyq» қосымшасы алынып, QR-кодтары өшірілді. Жағдай екінші рет қайталанса, 2 аптаға, одан әрі 1 айға алынады. Осыған сәйкес, нысанның жұмысына шектеулер қойылады, - дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С.Адамбекова.