«Жемқорлық қоғамның өзекті дерті»: Шымкентте оқушылар арасында байқау өтті

0
365

«Жемқорлық қоғамның өзекті дерті» атты эссе байқауының жеңімпаздары анықталды.


«Жемқорлық қоғамның өзекті дерті»: Шымкентте оқушылар арасында байқау өтті

Бүгін Шымкент қаласы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың парасаттылық мәдениетін ілгерілету идеологиясы бойынша «Жемқорлық қоғамның өзекті дерті» атты эссе байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған байқаудың жеңімпаздары анықталып, «Парасат жолы» орталығында марапатталды.

І орынды М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның 8 сынып оқушысы Жамиғат Ұлмира иеленсе, ІІ орынды №41 А.Макаренко атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Мұстафа Аянат еншіленді.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды № 41 А. Макаренко атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Сман Балауса иеленді.
Байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.