Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан финалға төрт боксшы шықты

0
537

Серік Теміржанов (57 келі) жартылай финалда Освель Кабальеромен қолғап түйістірді.


Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан финалға төрт боксшы шықты

ERNUR.KZ. Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалда Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Серік Теміржанов (57 келі) жартылай финалда Освель Кабальеромен қолғап түйістірді. Бірінші раундта қос қарсылас терезесі тең деңгейде ойын көрсетті. Дегенмен раунд соңына таман Серік қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшының жеңісін қолдады. Екінші раундта үш төреші Серіктің жеңгенін мойындаса, екеуі кубалыққа сенім білдірді.

Жалпы нәтижеде қазақстандық боксшы қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша ел құрамасынан финалға шыққан төртінші жолдама иесі атанды.

Еске салсақ, ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі) финалға шыққан болатын.

Кещкі сессияда Сәкен Бибосынов финалға берілген үшінші жолдамаға ие болды.

Ал ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзаваға есе жіберді.

Еске салсақ, ширек финалда Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) қарсыластарына жол берді.

Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.