Әлем чемпионаты: Жартылай финалға бес қазақстандық боксшы шықты

0
634

Бес қазақстандық жартылай финалға шықса, сегізі жарыс жолынан шығып қалды.


Әлем чемпионаты: Жартылай финалға бес қазақстандық боксшы шықты

ERNUR.KZ. Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Нұрлан Оралбай, Санатали Төлтаев пен Асланбек Шымбергенов қарсыластарына жол берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Өз жекпе-жектерінде Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі) қарсыластарымен жақсы жұдырықтасты. Десе де төрешілер олардың жеңілгенін көрсетті.

Айта кетсек, олардан басқа бүгін, Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) жартылай финалдан тыс қалды.

Жарыстың бұған дейінгі сатыларында Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.

Ел құрамасынан ширек финалда Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабыржан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Осылайша бес қазақстандық жартылай финалға шықса, сегізі жарыс жолынан шығып қалды.