Испания Аргентинадан жеңісті жұлып алып, әлем чемпионы атанды.
Фото: трансляциядан кадр
ERNUR.KZ. Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Леандро Паредес әлем чемпионатындағы Испанияға қарсы матчтің финалдық ысқырығынан кейін төбелес шығарды, деп жазады tengrisport.kz.
Аргентиналық ойыншы Испания қорғаушысы Эрик Гарсияның алқымынан алды. Сондай-ақ хавбек ойыннан кейін алаңға шықпаған испандық жартылай қорғаушы Гавиге де тап берді.
Нәтижесінде бас төреші Славко Винчич матч аяқталғаннан кейін Паредеске қызыл қағаз көрсетті.


