Аргентинаны Әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға 3 миллионнан астам адам қол қойды

0
103

​Олар төрешілер осы командаға жақтасып отырғанын мәлімдеген.


Аргентинаны Әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға 3 миллионнан астам адам қол қойды

Фото: Аргентина футбол құрамасының баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Интернетте Аргентина құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионаты қатысушыларының қатарынан шығаруды талап ететін петиция жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бастама авторларының мәлімдеуінше, argentinaout.com сайтында бұл үндеуге қазірдің өзінде 3 миллионнан астам адам қол қойып үлгерген.

Петицияны жасаушылар ФИФА мен төрешілер қазіргі әлем чемпиондары мен команда капитаны Лионель Мессиге бұра тартады деп есептейді.

«ФИФА мен төрешілердің Лионель Месси мен Аргентина құрамасына бұра тартатыны анық көрініп тұр. Егер жеңімпаз алдын ала белгілі болса, басқа командалардың турнирге қатысуының не қажеті бар? Аргентинаны шеттетіп, қалған командаларға әділ мүмкіндік беріңіздер», - делінген үндеу мәтінінде.

Әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина Швейцарияны 3:1 есебімен жеңген болатын. Жартылай финалда олар Англиямен кездеседі, ал финалға жолдама беретін келесі ойында Франция мен Испания бақ сынайды.