«Astana Arlans» Ресей жерінде оңбай ұтылды

0
1 488

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WBS) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» жаңа маусымдағы үшінші кездесуін «Patriot Boxing Team» командасына қарсы өткізіп, 5:0 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.


«Astana Arlans» Ресей жерінде оңбай ұтылды

фото: prosports.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WBS) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» жаңа маусымдағы үшінші кездесуін «Patriot Boxing Team» командасына қарсы өткізіп, 5:0 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.


Жеребе бойынша «Astana Arlans» Азия аймағындағы топта Қытай - «China Dragons», Үндістан және Ресей - «Patriot Boxing Team» құрамаларымен бір топқа түскен болатын.

Отандастармыз алғашқы кездесуін Қарағанды қаласында «Indian Tigers» командасына қарсы өткізіп, қарсыластарын 4:1 есебімен оңай ұтқан еді.

Екінші кездесуінде дәл бүгінгі қарсыластары «Patriot Boxing Team» клубын Бурабайда қабылдап 5:0 есебімен жеңген.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен үшінші кездесуінде астаналықтар дәл сол қарсыласына дәл сондай есеппен есе жіберіп отыр.

Бүгін алғашқы болып бокстасқан 52 келі салмақта өнер көрсететін Павел Гунченко мен Сәкен Бибоссынов жұбында отандасымыз жеңіліп қалды. Есеп (2:1)

Одан кейін шаршы алаңға шыққан Серік Теміржанов (60 келі) та ресейлік Абубакар Айдамировтан айласын асыра алмады (2:1).

Ал 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Павел Сосулин - Бекзод Халметов жұбында да төрешілер ресейліктің қолын көтерді. Бекзод барын салғанымен команданы жеңілістен құтқара алмады (3:0).

Осылайша, «Patriot Boxing Team» командасы өз алаңында «Astana Arlans» бокс клубын жеңді. Ал қалған қос жекпе-жектің кездесу нәтижесіне еш әсері тимейтін еді.

Ресейліктер 3:0 есебімен алға шықса да қонақтарға мүмкіндік бермеді. Соңғы екі жекпе-жекте де жеңіске жетті.

81 келі салмақта күш сынасқан Павел Силягин мен Шаймұрат Құсайынов кездесуі ресейліктің айқын басымдылығымен аяқталды. Есеп 3:0

Ең соңғы болып белдескен ауыр салмақтағы (91) боксшымыз Нұрсұлтан Аманжоловтың да жолы болған жоқ. Шигабутдин Алиевке қарсы кездесуде отандасымыз қарсыласын қуып жүріп сабаса да төрешілердің назарын өзіне аудара алмады. Төрешілер бейне қойын дәптеріне тек ресейлік боксшы жеңеді деп жазып әкелгендей, қазақстандыққа ұпай беру жайлы ойланып та қойған жоқ.