Азия чемпионаты: Жасөспірім қыздар құрамасы 3 алтын медаль жеңіп алды

0
1 127

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына 4-ші рет қатысып жатыр.


Азия чемпионаты: Жасөспірім қыздар құрамасы 3 алтын медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жасөспірімдер санатындағы қыздарымыз 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдемен жарысты аяқтады. Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді, деп жазады vesti.kz.

Аяжан Сыдық (54 кило), Толғанай Қасымхан (60 кило) мен Алина Құдайгенова барлық қарсыласын айқын ұтып, Азия чемпионы атанды. Айым Таңқыбаева (46 кило), Сила Биболсынқызы (48 кило), Ақбота Есімбекова (70 кило) мен Аружан Зейноллаева (75 кило) күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айша Сариева (52 кило), Айсұлу Мұхит (66 кило), Құралай Егінбайқызы (80 кило) мен Панар Сейітқанқызы (+80 кило) қоржынға қола медальды салды.

Жасөспірім қыздар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша Үндістан құрамасы көш бастады. Олар Астана шаршы алаңында 5 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынды 4 алтын, 5 күміс, 3 қола жүлдемен өзбек қыздары еншіледі.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына 4-ші рет қатысып жатыр. 2019 жылы — 3 алтын, 2021 жылы — 4 алтын, 2022 жылы 2 алтын медальға қол жеткізген.