Басына шайба тиген хоккейші қайтыс болды (видео)

0
2 864

​Мұз айдынында жарақат алған спортшыны Ярославль қаласының ауруханасына жеткізгенде, оның жағдайы ауыр болған.


Басына шайба тиген хоккейші қайтыс болды (видео)

ERNUR.KZ. Санкт-Петербург қаласының "Динамо" хоккей клубының ойыншысы Тимур Файзутдинов қайтыс болды, деп жазады sputniknews.kz.

"Бүгін "Динамо Санкт-Петербург" жастар хоккей клубының қорғаушысы Тимур Файзутдинов өмірден өтті. Клуб Тимурдың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Ол мәңгі "Динамода" және біздің жүрегімізде сақталады", – делінген хабарламада.

Ресми мәліметке сәйкес, 12 наурызда Ярославль қаласында жастар хоккей лигасының алғашқы плей-офф раунды аясында жергілікті "Локомотив" пен питерлік "Динамо" кездескен. Осы ойында Тимур Файзутдиновтың басына шайба тиген.




Жарақат алған хоккейші бірден Ярославль қаласының ауруханасына жеткізілді. Спортшының жағдайы ауыр болған. Үш күннен кейін 19 жастағы Тимур Файзутдинов алған жарақатынан көз жұмды.

Жастар хоккей лигасының алдағы ойындары жас ойыншыны бір минут үнсіздікпен еске алудан басталады.