Қазақстандық Бибісара Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен тең түскеніне қарамастан, қытайлық Жу Цзинерді артқа тастап, көш басына шықты.
- ERNUR.KZ. Бүгін Үндістан астанасы Делиде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-придің 7-туры мәресіне жетті, - деп жазады Tengrinews.kz.
Қазақстандық Бибісара Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен тең түскеніне қарамастан, қытайлық Жу Цзинерді артқа тастап, көш басына шықты.
Қазір 6 ойыннан кейін Бибісараның еншісінде 4,5 ұпай бар. Ал Жу Цзинерде 4 балл. Екі шахматшы бүгін 8-турда кім мықтыны анықтамақ.
Айта кетейік, қазақстандық шахматшы кеше Полина Шувалованы, оның алдында тағы бір үндістандық Харика Дронаваллиді сенімді ұтқан. Делидегі Гран-придің 3-кезеңі 6 сәуірде аяқталады.
Еске салайық, қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Нью-Делиде (Үндістан) шахматтан Гран-при турниріндегі жағдайға байланысты жанжалдасып қалған болатын.