Бүгін Франция мен Испания Әлем чемпионатының финалына өту үшін бақ сынайды

0
112

​Ойын Даллас стадионында өтпек.


Бүгін Франция мен Испания Әлем чемпионатының финалына өту үшін бақ сынайды

Фото: Global Look Press

ERNUR.KZ. Бүгін АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық матчы өтеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Турнирдің финалына шығу үшін Франция және Испания құрамалары өзара ойнайды.

Кездесу Астана уақытымен 24:00-де басталады.

Ойын АҚШ-тағы «Даллас» стадионында өтеді, бас төреші сальвадорлық рефери Иван Бартон.

Бұл текетірестің жеңімпазы шешуші матчта Англия-Аргентина жұбының мықтысымен ойнайды.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде өтеді.