Ең маңызды сәтте: Джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстанның әнұраны өшіп қалды (видео)

0
1 483

Әнұран өшіп қалса да, Мөлдір Мекенбаева және спортшыға қолдау көрсеткен қазақстандықтар оны аяғына дейін орындап шықты.


Ең маңызды сәтте: Джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстанның әнұраны өшіп қалды (видео)

ERNUR.KZ. Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Мөлдір Мекенбаева жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді. Спортшыларды марапаттап, жеңімпаздың әнұраны орындалып жатқанда, әнұран өшіп қалды, деп жазады Stan.kz.

Қазақстанның әнұраны өшіп қалса да, алтын медальді иеленген Мөлдір Мекенбаева және спортшыға қолдау көрсеткен қазақстандықтар оны аяғына дейін орындап шықты.

"Жаратқанға шүкір! Спортшының тұғырда тұрып, қолын жүрек тұсына қойып өз елінің әнұранын айтқанда не сезінетінін сөзбен айтып жеткізу қиын. Бұл алтының оңай жолмен келмегенін түсіндіру одан да қиын", - дейді Мөлдір Мекенбаева.


Мөлдір Мекенбаева — Ақтау тумасы. Ол Орымбек Жаутықов атындағы республикалық физика-математикалық мектептің түлегі. "Алтын белгі" медалімен марапатталған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Қазіргі уақытта Мөлдір Мекенбаева Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Университетінің төртінші курсында, математика факультетінде оқиды. Сонымен қатар, Мөлдір — актриса. Жақын арада ол басты рөлді сомдаған "Батырлар" фильмі көрермен назарына ұсынылады.