Grand Slam: Дзюдошы Әбиба Абужақынова күміс жүлдегер атанды

0
855

Бұл Әбибаның мансабындағы Grand Slam жарысының алғашқы күмісі.


Grand Slam: Дзюдошы Әбиба Абужақынова күміс жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда дзюдодан өтіп жатқан Tashkent Grand Slam жарысында Әбиба Абужақынова күміс жүлдеге қол жеткізді, деп жазады baq.kz.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы күнінде 48 кг салмақта өнер көрсеткен құрама көшбасшысы Әбиба Абужақынова күміс жүлдегер атанды.

Бұл Әбибаның мансабындағы Grand Slam жарысының алғашқы күмісі. Ол биыл осымен әлемдік додаларда үшінші медаль еншіледі.

Қаңтар айында ол Португалияда өткен Grand Prix және Бакудегі Grand Slam жарысында үшінші орынға тұрақтаған.

Әбиба мансабында осымен Grand Slam жарыстарында 6 медаль жеңіп алды. Оның Grand Prix жарыстарында алған 1 алтын, 1 қола жүлдесі бар.