Грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық екі балуан финалға шықты

0
2 126

Грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші орында келеді.


Грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық екі балуан финалға шықты

ERNUR.KZ. Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты екінші жарыс күнінде ел құрамасынан 2 балуан финалда сынға түседі, деп жазады ҚазАқпарат.

Құрлықтық додада ел құрамасынан Ернұр Фидахметов (60 келі), Алмат Кебіспаев (67 келі), Ибрагим Магомедов (72 келі), Диас Қален (82 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі) сайысқа түскен еді.

Олардың арасынан Диас Қален мен Ибрагим Магомадов алтын жүлдеге таласады.

Диас ақтық сайыста қырғызстандық Ақылбек Талантбековпен бақ сынасса, Ибрагим Магомадов ирандық Саяд Әли Именталабфоманимен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Ернұр Фидахметов, Алмат Кебіспаев, Олжас Сырлыбай қола жүлдеге таласады.

Еске салсақ, грек-рим күресінен жарыстың алғашқы күнінде Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс жүлдегер болса, Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Мұхамедалі Мамырбек (63 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде алды.

Енді 11-12 сәуірде әйелдер, 13-14 cәуірде еркін күрестен сайыстар өткізіледі.

Айта кетсек, грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші орында келеді.