Қоссайыс нəтижесінде 355 келіні бағындырды.
ERNUR.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Илья Ильин чемпион атанып, еліміздің Əнұранын шырқатты, деп жазады Kyzylorda-news.kz.
Ол 102 келі салмақта сынға түсіп, жұлқа көтеру 160, серпе көтеру 195 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 355 келіні бағындырды.
Ол Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін ұпай жинайтын жарыстарға кезеңімен қатысуда.
Енді сəуір айында Нұр-Сұлтан қаласында ауыр атлетикадан өтетін Азия чемпионатына Илья Ильин бастаған Сыр спортшылары Евгений Ломанов, Рүстем Сыбай, Рахат Бекболат жəне Айсамал Сансызбаева қатысады.
Айта кетейік, қызылордалық ауыр атлет допинг дауынан кейін тағы да чемпион атанды.