​Илья Ильин: Нұрсұлтан Назарбаев мені бағалайды

0
1 271

Бұл күнді ұзақ күттім.


​Илья Ильин: Нұрсұлтан Назарбаев мені бағалайды

фото vesti.kz

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин допингке қатысты жарыстан шеттету мерзімі аяқталған соң журналистер алдында қазіргі жағдайымен және алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кеше 10 маусым күні осы жаңалық шықты. Бұл күнді ұзақ күттім. Туған күнім 24 мамырда бола ма деп едім бірақ болған жоқ. Кеше өзімді жеңіл, еркін сезіндім, көңіл-күйім көтерілді. Сүйікті ісіме оралғаныма қуаныштымын. Штанга көтерген ұнайды. Мені қолдаған және қолдайтын адамдармен қуанышыммен бөліскім келді. Халық пен Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіремін. Қиын сәттерде ЭКСПО кезінде ол менімен кездесіп маған сенетінін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев мені бағалайды. Осы қиын уақытта мені қолдаған, «Инстаграмда» пікір жазатын, облыстарда, шағын ауылдарда тұратын мені қолдайтын адамдарға алғыс айтамын», - деді Илья Ильин.

Ол жарыстан шеттету мерзімі 2 жылда жаттығып, спортпен айналысқанын айтты. Сондай-ақ әлеуметтік желіде өзінің ашық екенін, жаңалықтары болса халықпен бөліскен ұнайтынын атап өтті.

Еске сала кетсек, 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының допинг-сынамалары қайта тексерілгеннен кейін Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, сонымен қатар Майя Манеза мен Светлана Подобедова алтын медальдарынан айырылып, екі жылға жарыстардан шеттетілген болатын.