Сайыс барысында спортшының жауырынындағы ескі жарақаты сыр берген.
ERNUR.KZ. Ауыр атлет Артем Антропов Фиджи аралдарында өткен Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қарағандылық спортшы 96 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жалпы есептегенде 352 келі салмақты көтерді. 19 жастағы Артем ауыр атлетикамен он жылдан бері айналысып келеді.
«Медальмен тұғырға көтерілу өте керемет сезім сыйлайды. Әрине, алтын алғым келеді, бірақ сәл ғана сәттілік жетпей қалды. Алдағы уақытта жетістіктерім мол болады деп үміттенем», - деді спортшы.
Оның айтуынша, бірінші орынға жету үшін оған біраз уақыт жетпей қалды: сайыс барысында спортшының жауырынындағы ескі жарақаты сыр берген. Ол жарыс алдында емделгеніне және дәрігерлер жаттығуларға кірісуге рұқсат бергеніне қарамастан, сайыс кезінде 211 килограмм салмақ көтеруге тырысқан. Алайда, сол кезде спортшы қатты ауырсынуды сезіндім дейді. Артемның қолы дірілдеп, нәтижесінде төрешілер жоғары ұпай бермеген.
«Келесі жолы қанша ауыр болса да, штанганы ұстаймын деп шештім өзім үшін. Спорт - бұл әрдайым өзіңді жеңу», - деді Артем.
Қазір ауыр атлет келесі жарыстарға дайындалуда. Мақсаты - 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алу.