Қазақ спортшысы туды құрметтемеген бразилиялықтың сазайын тартқызды (видео)

0
997

​Дамир Ысмағұлов карьерасындағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді, ал Рафаэль Алвес оныншы рет жеңілді.


Қазақ спортшысы туды құрметтемеген бразилиялықтың сазайын тартқызды (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Дамир Ысмағұлов (19-1) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC Fight Night 188 турниріне қатысып, бразилиялық Рафаэль Алвеспен (19-9) жекпе-жек өткізді.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептеліп, төрешілердің бірауыздан шешімімен Ысмағұловтың жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, қазақ спортшысы бірінші раундта нокдаунға түсіп қалды.

Осылайша Дамир Ысмағұлов карьерасындағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді, Рафаэль Алвес оныншы рет жеңілді.

Сонымен қатар, Ысмағұлов сегізбұрышта Алвеске оның жекпе-жек алдындағы әрекеті үшін жауап берді: бразилиялық арандатушы видео жариялаған болатын. Онда Алвес егеуқұйрықты өлтіріп, кеміргіш эмодзиінің жоғары жағына Қазақстан туын іліп қойған.

Нәтижесінде Алвес кешірім сұрап, Ысмағұловқа әлеуметтік желіде хабарлама жазды.