Ойын Аустрияда өтеді деп жоспарланған болатын.
ERNUR.KZ. 7 маусымға белгіленген Қазақстан құрамасының Мальтамен жолдастық кездесуі өтпейтін болды, деп жазады vesti.kz.
Ұлттық команда 4 маусымда Солтүстік Македониямен Скопье қаласында матч өткізеді, ал үш күннен кейін Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта құрамасымен ойнау керек болған.
Алайда елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Аустрияның Қазақстандағы елшілігі футболшылар, бапкерлер мен клуб қызметкерлеріне виза беруден бас тартты.
Осылайша, 4 маусымдағы Солтүстік Македониямен ойыннан кейін Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда елге оралады.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның футбол федерациясы Косово құрамасымен матчтен бас тартуға мәжбүр болды.