Қазақстан Азия Пара ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды

0
139

Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншіледі.


Қазақстан Азия Пара ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пневматикалық мылтықпен 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов 249.1 ұпай жинап, чемпион атанды. Оған қоса, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Екінші орынды Корея елінің спортшысы Парк Джинхо(248 ұпай), үшінші орынды Ли Джанхо(226 ұпай) алды.

Бұған дейін Еркін Ғаббасов Парарлимпиадада пара нысана көздеуден күміс медальді жеңіп алған болатын.