Қазақстан құрамасы Азия пара ойындарын 50 медальмен аяқтады

0
268

Қазақстан атынан 12 спорт түрі бойынша 150 спортшы өнер көрсетті.


Қазақстан құрамасы Азия пара ойындарын 50 медальмен аяқтады

ERNUR.KZ. Жапонияның Нагоя қаласында V Азия пара ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. 18-24 қазан аралығында өткен құрлықтық жарыс ресми түрде аяқталды, деп жазады baq.kz.

Қазақстан құрамасы жарысты 50 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 16 күміс және 22 қола медаль бар. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жалпыкомандалық медальдар кестесінде тоғызыншы орынға тұрақтады.

Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен ойындарға Қазақстан атынан 12 спорт түрі бойынша 150 спортшы қатысты. Бір апта бойы отандық параспортшылар парадзюдо, паравелоспорт, паражүзу және басқа да спорт түрлерінен жүлдеге таласты.