Бесінші раундта Сағадат Рахманқұл Ривьераны техникалық нокаутпен жеңді.
ERNUR.KZ. Мексиканың Тихуан қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық жартылай орта салмақтағы Сағадат Рахманқұл (5-1, 3) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.
8 раундтық жекпе-жектегі қазақстандықтың қарсыласы жергілікті боксшы Косме Ривьера (42-28-3, 29) болатын. Бесінші раундта Сағадат Рахманқұл Ривьераны техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кету керек, Сағадат Рахманқұл Top Rank промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.