Қазақстандық шахматшылар әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында екі "алтын" жеңіп алды

0
1 132

Қазақстан құрамасы 2 алтын медальмен жалпы есепте 2-орын алды.


Қазақстандық шахматшылар әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында екі

ERNUR.KZ. Оман мемлекетінің астанасы Маскатта шахматтан әуесқойлар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп жазады Zakon.kz.

Швейцариялық жүйе бойынша өткен сында Қазақстан құрамасы 2 алтын медальмен жалпы есепте 2-орын алды.

23 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Әбілмансұр Әбділқайыр (ерлер) мен Арнаш Бауыржан (әйелдер) чемпион атанды.

Көш басында барлығы 6 медаль (оның төртеуі алтын) алған Моңғолия тұрса, Үндістан үздік үштікте (2 күміс, 1 қола).

FIDE ұйымдастырған дода 3 жас санаты бойынша (U17, U20, U23) өтті.

Биыл барлығы 8 елдің ойыншысына жүлде бұйырған.