Қазақстандық спортшы допинг дауына қалған ресейлікке қолдау білдірді

0
657

Валиеваның допинг-сынамасы күмәнді болып шықты.


Қазақстандық спортшы допинг дауына қалған ресейлікке қолдау білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында допинг дауына іліккен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қолдау білдірді, деп жазады Vesti.kz.

"Барлығы қалыпқа келеді деп сенемін. Камиламен жаттығу істегендердің барлығы оның еңбекқор спортшы екенін біледі. Оның барлық табысы үлкен еңбектің арқасында", - деп жазды Тұрсынбаева Instagram Stories-те.

Қазақстандық спортшы допинг дауына қалған ресейлікке қолдау білдірді. Фото 1


Еске салайық, Валиеваның допинг-сынамасы күмәнді болып шықты. Кейбір БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, сынама Олимпиада ойындарына дейін алынған. Және оның сынамасынан жүрек ауыруының алдын алатын триметаздин табылған. Бұл дауға қарамастан Камила Бейжіңде жекелей сында өнер көрсете алатын болды.

Айта кетейік, бұған дейін ол командалық сайыста бірінші орын алған еді.