Спортшы ең жоғары нәтиже көрсетті.
фото: sputnik.kz.
ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы көркем жүзуден Үндістандағы Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды, деп жазады sputnik.kz.
Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден ерлер арасында жекелей сындағы еркін бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин 198.7639 ұпай жинады. Спортшы ең жоғары нәтиже көрсетіп, чемпионаттың екінші алтын медалін жеңіп алды.
Жүлде иелері:
Виктор Друзин (Қазақстан) — 198.7639
Ремма Феруучи (Жапония) — 191.0126
Ваттикорн Кхетхиранканок (Таиланд) — 132.2613
Айта кетейік, турнирдің алғашқы күнінде Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында жеңіске жетіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілген болатын.