Спортшы қосалқы құрам қатарында отырған сәтте өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.
ERNUR.KZ. Кырым қаласының "Сармат" хоккей командасының ойыншысы Александр Фролов Түнгі хоккей лигасы ойыны кезінде қайтыс болды, деп жазады vesti.kz.
Оқиға 11 желтоқсан күні "Крымские Волки" командасы қарсы ойын барысында болған. Бірақ оқиғаның мән-жайы тек 14 желтоқсан күні анықталды. 63 жастағы спортшы қосалқы құрам қатарында отырған сәтте өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.
Спорт кешенінде болған дәрігерлер бірден алғашқы көмекті көрсеткен. Кейін жанкүйерлер мен хоккейшілер Фроловты көлікке дейін жеткізуге көмектескен. Емханаға бара жатқан жолда спортшының жүрегі тоқтап, қайтыс болған.
Айта кетейік, 11 желтоқсан күні Ресей Премьер-лигасының 18 турында "Рубинге" қарсы кездесу барысында "Крылья Советов" футбол командасының жанкүйері көз жұмған болатын.