Ерлер арасында параканоэден VL1 санатында отандасымыз Максим Богатырёв алтыннан алқа тақты.
Фото: Ескек есу спорты түрлерінен Ұлттық федерация
ERNUR.KZ. Қазір Аргентинаның Гуалегуайчу қаласында байдарка мен каноэде ескек есу марафонынан және параканоэден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады inform.kz.
Максим мәре сызығын екінші кескен бразилиялық Габриэль Нунестен 9 минут, 11 секунд озып кетті.
Енді алдағы күндері Ұлттық құрама спортшысы байдаркамен жарыста бақ сынайды.
Айта кетейік, әлемдік додаға 38 елден 683 спортшы қатысып жатыр. Барлығы параканоэден 14 бағдарламада жүлде сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, Максим Богатырёв биыл жазда Түркістан қаласында өткен лицензиялық Азия чемпиоатында 2 күміс медаль жеңіп алған.


