Өзбекстан 18 жастағы "сенсациялық" боксшыны Қазақстанға жібереді

0
349

Азиялық бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі ол құрамнан Фазлиддин Эркинбоевты ерекше атап өтті.


Өзбекстан 18 жастағы

ERNUR.KZ. Өзбекстан құрамасы 25 сәуір мен 10 мамыр аралығы Астанада өтетін жастар арасындағы (U-22) бокстан Азия чемпионатына жіберетін құрамын жариялады, деп жазады vesti.kz.

Азиялық бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі ол құрамнан Фазлиддин Эркинбоевты ерекше атап өтті. Бұл боксшы 18 жаста.

"Фазлиддин Эркинбоев - жартылай ауыр салмақтағы (80 кг) фантастикалық сенсация. Ол кейінгі турнирлердің бәрінде жеңіп шықты", - деп жазады ASBC.

BoxRrec.com мәліметінше, әуесқойда Эркинбоеватың рекорды 21-1. Оның жалғыз жеңілісі "Странджа кубогінде" болған екен.

ASBC ақпараты бойынша, Өзбекстан Астанадағы турнирде бірнеше салмақта жүлдені көздеп отыр. Кейінгі өткен Азия чемпионатында (22 жасқа дейін) Өзбекстан 14 алтын, 4 күміс және 3 қоламын жалпы командалық есепте бірінші болған еді.