Шахтинскідегі спортшы өліміне байланысты қылмыстың беті ашылды

0
673

Кісі өліміне күдікті ұсталды. Ол - 20 жаста.


Шахтинскідегі спортшы өліміне байланысты қылмыстың беті ашылды

ERNUR.KZ. Шахтинск қаласында 24 жастағы боксшыны өлтірді деген күдікті ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Тергеушілер спортшыны вокзал артындағы қуысқа неге алып кетіп, оны не үшін пышақтағаны жайлы мәлімет бермеген, деп жазды patriotkaragandy.

Біз достарының бәріне қоңырау шалдық, бірақ ешайсысы сөйлескісі келмейді... Иван "Қарағанды облыстық бокс федерациясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі болған, - деп жазылған парақшада.

Кісі өліміне күдікті ұсталды. Ол - 20 жаста.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шахтинск қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі, "Кісі өлтіру" бойынша жүргізілуде, - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков.

24 жастағы боксшы 20 тамызда таңғы 1-де Шахтинск қаласындағы теміржол вокзалының жанындағы жанжал кезінде қаза тапты. Вокзал артындағы жазық далада айғай-шу естілген. Ол ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысты, бірақ спортшы есін жимастан, қайтыс болды.