Шымкенттік таэквондошылар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

0
624

Азия чемпионаты 15-18 маусым аралығында өтеді.


Шымкенттік таэквондошылар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды
Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл күндері Ливанда (Бейрут) таэквондодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Ерлер арасында бақ сынаған Шымкент қаласының спортшылары екі жүлдеге қол жеткізді.

87 келіде сынға түскен Смайыл Дүйсебай Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда Оңтүстік Корея өкіліне 8:10 есебімен жол берді. Смайыл ширек финалда Иран спортшысын 15:8, жартылай финалда сириялық қарсыласын 30:6 есебімен жеңген еді.
Сондай-ақ, 54 келіде Самат Темірхан құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Азия чемпионаты 15-18 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған. Айта кетсек, бұл сынға Шымкент қаласынан төрт спортшы қатысатын болды. Олар – Смайыл Дүйсебай, Нұрқанат Қожахмет, Самат Темірхан және Зияда Ирисматова.