​Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдан басым түсті

0
3 180

Енді Аргентина құрамасымен шеберлік байқасады.


​Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдан басым түсті

Бұл жолғы әлем чемпионаты Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы А тобында АҚШ-тан (5:18), Австралиядан (6:22), Грекиядан (2:18) жеңіліп, төртінші орынға жайғасты. Одан кейін Қытайдан басым түсті (5:12).

Енді ұлттық құрама 13-орын үшін Аргентина құрамасымен шеберлік байқасады.