Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде шосседегі велоспорт бойынша Азия чемпионаты басталды.
ERNUR.KZ. Шосседегі велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды, деп жазады Olympic.kz.
Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде шосседегі велоспорт бойынша Азия чемпионаты басталды. Қазақстан құрама командасы командалық жарыс бойынша топ жарып, құрлықтық біріншіліктің алтынына ие болды.
Командалық жарысқа ел құрама сапында Евгений Федоров, Игорь Чжан, Юрий Натаров және Евгений Гидич сынға түсті. Велошабандоздар 24 км қашықтықты 26 минут 48.933 секундта бағындырды.
Жарыс қорытындысы бойынша Моңғолия құрамасы екінші болса, Иран құрамасы үздік үштікті қорытындылады.